oC

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ҚДСҰО) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы қаулысы) іске асыру, сондай-ақ 070 - 104 “Денсаулық сақтау саласында салауатты өмір салтын насихаттау” ББ бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау аясында вейп шегудің, кибербуллингтің, лудоманияның алдын алу, жастар денсаулық орталығы, балалар семіздігі және дұрыс тамақтану, АПВ қарсы вакцинациялау, құрамында қанты бар энергетикалық сусындардың зияны туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеген 8 бейнероликті жолдайды.
Осыған байланысты, тұрғындарды хабардар ету мақсатында әлеуметтік желілердің парақшаларына және веб-сайттарға, сонымен қатар медициналық мекемелердің холдарына бейнероликтерді орналастыруды қамтамасыз етуді сұраймыз.

Ұйымдар тiзiмі:

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы
«Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы
«Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ұлытау облысының әлеуметтік даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы
Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы