oC

ШЖК КМК «Үржар аудандық ауруханасы» қызметкерлері қатысуымен 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Жұмыс орнындағы психикалық денсаулық» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында психиатр-дәрігер психикалық денсаулықты сақтау жөнінде және психикалық бұзылыстардың алдын алу маңыздылығы туралы сөз қозғады. Семинар соңында психикалық денсаулықты нығайту бойынша ұсынымдар айтылды. Қатысушылар қызықтырған сауалдарына жауап алды.

В КГП на ПХВ «Урджарская районная больница» прошел семинар на тему «Психическое здоровье на рабочем месте», посвященный Всемирному дню психического здоровья. В ходе семинара врач-психиатр рассказал о важности охраны психического здоровья и профилактики психических расстройств. В завершении семинара были озвучены рекомендации по укреплению психического здоровья. Участники получили ответы на интересующие их вопросы.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік басшылығымен ШЖК КМК «Үржар аудандық ауруханасы» қызметкерлері қатысуымен 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Жұмыс орнындағы психикалық денсаулық» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында психиатр-дәрігер психикалық денсаулықты сақтау жөнінде және психикалық бұзылыстардың алдын алу маңыздылығы туралы сөз қозғады.

ДДҰ деректері бойынша жұмыс істейтін халық жер шары халқының шамамен 60%-ын құрайды. Стигматизация, кемсітушілік және қауіпті өндірістік факторлар жұмысшылардың психикалық денсаулығына, сәйкесінше жұмыс қабілеттілігі мен өнімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.

ДДҰ бағалауы бойынша 2019 жылы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың шамамен 15%-ында психикалық бұзылулар болған. Осы себепті елдер жыл сайын 12 миллиард еңбек күнін жоғалтады. Бұл жылына 1 трлн $ өндірістік шығындарға сәйкес келеді.

Сарапшылардың пікірінше қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын құру психикалық бұзылулар мен психологиялық аурулардың даму ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Уақтылы білікті сапалы көмек алу психикалық қолайсыздықтың дамуына жол бермейді. Ол үшін Қазақстанда 2 республикалық ұйым, 20 өңірлік және 79 бастапқы психикалық денсаулық орталығы, қалалық емханалар деңгейінде - 205 психикалық денсаулық кабинеті жұмыс істейді.

ЖҰМЫС ОРНЫНДА ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР:

1. Тайм-менеджмент дағдыларын үйрену

2. Қызметкерлер өздерінің қиындық тудырып жүрген мәселелерін ашық айта алатындай жұмыс ортасын қалыптастыру

3. Қиындық туындаған қызметкерлер кәсіби көмекке жүгіне алатындай жағдай жасау

4. Физикалық белсенділікті арттыру

5. Қызметкерлердің жетістіктерін назардан тыс қалдырмау олардың сенімділігін арттырады

6. Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ұжымдық іс-шаралар ұйымдастыру, тренингтерге қатысу

7. Қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру

{gallery}/dias/gallery/1{/gallery}